Өрттің шығу себебі анықталуда.
Шымкент қаласы Қонаев даңғылы бойында орналасқан 11 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 6 сәуір күні сағат 16:32-де болған.
“Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімдері көп қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында көлемі 3 шаршы метр балкон қаптамасы жанғандығын анықтады. Өрт сағат 16:42-де оқшауланып, сағат 16:50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда”, - делінген жазбада.
Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 дана техникасы жұмылдырылды.