Шымкентте 14 тәулік ішінде 5459 құқық бұзушылық анықталды

0
2 352

Қайыршылықпен айналысып жүрген 354 тұлға анықталды.


Шымкентте 14 тәулік ішінде 5459 құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Таза қала» сауықтыру іс-шараcы бойынша 5459 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының аумағында 13 қаңтар мен 13 ақпан аралығында «Таза қала» іс-шарасы өтуде. Жедел профилактика басталған он төрт тәулік ішінде – 5459 құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ қайыршылық жасап жүрген 354 тұлға анықталып, әкімшілік кодекстің 449-бабымен хаттама толтырылды. Қабылдап-тарату орынына 14 тұлғадан орналастырылса, жалға берілетін 1109 пәтер тексерілген. Ал карантин режимін бұзған 210 нысан анықталды. Ішкі істер органдарында есебінде тұрған 2524 тұлға мекенжайы бойынша тексерілді. Полиция басқармаларына 2861 тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынған.