Бұл маңызды нысандардың құрылысы үшін қарастырылған жер телімдері.
ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1461 жер учаскесіне, 163 нысан бойынша 34 қаулы қабылданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Жүнісбеков Нұрбол Әбдірахманұлы Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, жыл басынан бері жалпы алаңы 17,6 га болатын 82 жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін 2,9 млрд. тг қаржы жұмсалған.
Атап айтар болсақ:
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы:
1) А-2 жол құрылысы (2-кезең).
2) Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы.
3) Қонаев даңғылының жалғасы (3-кезең) жол құрылысы.
4) Шығыс айналма жол құрылысы (1-кезең).
5) Бәйдібек би даңғылы және Арғынбеков көшесісің қиылысындағы көлік жол айырық құрылысы.
6) Өтегенов көшесінің жалғасы (1 кезең) жол құрылысы.
7) Уақытша сақтау тұрағының (айыптұрақ) құрылысы.
Достық атауы жоқ көшесінің жол құрылысы.
Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы:
1) Бадам су жинақтағыш имараты құрылысы.
2) Құрсай шағынауданы электр трансформаторы.
3) Достық шағынауданы магистралды газ құбыры.
Шымкент қаласының құрылыс басқармасы :
1) Бадам өзенін абаттандыру.
2) Ипподром құрылысы.
Шымкент қаласының білім басқармасы:
1) Текесу тұрғын алабындағы мектеп.
2) Елтай тұрғын алабындағы мектеп.
3) Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы мектеп.
Қаратау ауданы әкімдігі:
9) Нұрсәт шағын ауданы гүлзар және балалар спорт алаңшасын орнату.