Шымкентте 18 жасар қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

0
695

Ол дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған.


Шымкентте 18 жасар қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

Шымкент қаласында 18 жасар қыз бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

20 ақпан күні сағат 00:22-де Шымкент қаласы ТЖД құтқару қызметінің "112" басқару пультіне жедел медициналық көмек қызметінен хабарлама келіп түскен. Хабарламада айтылғандай, Әл-Фараби ауданы Рысқұлбеков көшесі 2 мен Ғани Иляев көшесінің қиылысында қыз бала 5-қабаттан секіріп (алдын ала суицид әрекеті, отбасылық жанжал барысында), дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған. Оған құтқарушылардың көмегі қажет болған.

"Құрамында 6 құтқарушы бар жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына келіп, альпинистік жарақтың көмегімен 2004 жылы туған зардап шеккен азаматшаны төмен түсіріп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеретін болады.