Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы жүргізіліп, біреуі толығымен аяқталды.
Биыл Шымкентте жол саласында 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.
Басқарманың мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға жоспар бекітілген. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың соңында шаһарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 63,6 пайызға жеткен.
Ал, 2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы жүргізіліп, біреуі толығымен аяқталды. Оған қоса Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарында жалпы 17 көше күрделі жөндеуден өтті.
Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 303 көшеде жүргізілген. Шағын аудандар мен тұрғын алаптарда жалпы ұзындығы 122,7 шақырым көшеге шағал тас төседі.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 67,4 пайызға жетіп отыр.
Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.