150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды.
Шымкент қаласында жыл басынан бері көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында асфальт жолдың жалпы ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері шаһарда көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды.
Нақтырақ айтқанда, 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, қыркүйек, қазан айларында жөндеу жұмыстары аяқталған Б.Момышұлы көшесі, Республика, Қонаев даңғылы, жаңа әуежай терминалына кіре беріс жолдардың және «Ордабасы» алаңы маңындағы жол таңбалары жасалынды.
Айта кетсек, алдағы уақытта Ж.Тәшенов, Ж.Шаяхметов көшелерінің жол таңбаларын сызу жұмыстары атқарылады.