Жағдайы қанағаттанарлық жолдардың үлесі екі жылда 57,4 пайыздан 63,6 пайызға артты.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Соңғы екі жылда Шымкентте 422 шақырым жол жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ал 2015-2019 жылдар аралығында 382 шақырым жол жөнделген болатын. Осылайша соңғы жол жөндеу бойынша екі жылда атқарылған жұмыс көлемі 5 жылда істелген жұмыс көлемінен асып отыр.
Ал 2022 жылы Бәйдібек би және Арғынбеков даңғылдарының қиылысынан жолайырық құрылысы басталды. Алдағы жылдары Бәйдібек би және Назарбеков, Бәйдібек би және Төлеметов, Сайрам және Жібек жолы көшелерінің қиылыстарынан жолайырықтар салу жоспарланған. Сонымен бірге Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автожолын қайта құру, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарының құрылысы аяқталатын болады.