437 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» аясында мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл қала бойынша 11-сыныпты 9 973 түлек, 9-сыныпты 16 877 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 11-сынып бітірушілерінің 491-і «Алтын белгі» иегері атанса, 437 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
Салтанатты жиында мектеп директорлары мен ұстаздары түлектерді қуанышты күндерімен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәт- сапар тіледі.
Іс-шара санитарлық талапқа сай, мектеп аумағында өткізілді.