Шымкент қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 2017-2018 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 121 жалпы орта білім беретін мектепте 11 сыныпты 7987 оқушы бітірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото kyzylorda-news.kz
ERNUR.KZ.Шымкент қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 2017-2018 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 121 жалпы орта білім беретін мектепте 11 сыныпты 7987 оқушы бітірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Мектеп бітірушілердің 5424-і қазақ, 1422-сі орыс, 1141-і өзбек сыныптарының бітірушілері. 287 бітіруші «Алтын белгі», 203 бітіруші «Үздік аттестат» иегері.
121 мектептің арасынан 114 мектептің 5446 бітірушісі ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. 4425 оқушы — қазақ, 1015-сы орыс және 6 оқушы ағылшын тілінде тест тапсырды. 2031 оқушы ЖОО-на түспейтіні себепті ҰБТ-ға қатысудан бас тартса, 510 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге бел буған.
Шымкент қаласында тестілеу 5 пунктте 20-23 маусым аралығында 2 лекпен өтті. Нәтижесінде, өтініш білдірген 5446 түлектің 5419-ы тестілеуге қатысты. Орта балл көрсеткіші қала бойынша 83,6%-ды құрады. 1597 оқушы 100 ұпайдан жоғары жинаса, 637 оқушы шекті ұпай жинай алмады. ҰБТ-ның алғашқы күні республика бойынша ең жоғары ұпай 137 болды. Оны Шымкент қаласы О.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейдің бітіруші түлегі Сухраб Камалов жинады.
Айта кетсек, биыл республика бойынша 102 447 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Оның ішінде 77 223 оқушы қазақ тілінде, яғни 75,4%-і, 25 178 түлек – орыс тілінде, 24,6%, 46-сы ағылшын тілінде тапсыруға ниетті.
Биыл ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалды. Бірақ, Ұлттық университеттерге түсу балының ең төменгі шегі – 65 баллды құрайды.