Шымкентте 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі

0
2 477

Биыл 79 көп қабатты тұрғын үй салынады.


Шымкентте 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 204 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді.

- Биыл 79 көп қабатты тұрғын үй салынады. Оның 61-і кредиттік, 18-і арендалық. Жыл соңында 39 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2 096 пәтер пайдалануға беріледі, - деді басқарма басшысы.


Нарықтан 1 580 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, 1 916 отбасы арендалық баспанамен қамтылады. Оның ішінде, 588 – көп балалы отбасыларға, 428 – әлеуметтік осал топтар, 900 – жұмыс істейтін жастарға беріледі деп жоспарланып отыр.