Шымкентте «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

0
1 065

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылы басталуына орай, «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесімен таныстыру.

Іс-шара аясында Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы №135 жалпы орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында арнайы лекциялар оқып, сауалнама жүргізді.

Сонымен қоса, «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушыларына Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының инспекторлары «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақ барысында инспекторлар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді.

Айта кетейік, Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Шымкент қаласы №21 жалпы орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Жандос Іргебаев пен полиция аға лейтенанты Бағдат Тұрдалы жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша баяндама оқыды.

Басқосуда жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заңбұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді. Сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.