Көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Шымкентте Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі елімізге кіргізілген автокөліктерді тіркеу жұмыстарын 1 маусымнан бастады.
Көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Автокөліктерді тіркеу үшін құжаттар қаланың мамандандырылған ХҚКО-да қабылданады.
Айта кетейік, Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.