Шымкентте бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады

0
933

Қала әкімі базарға келген әрбір тұрғынның шағымын жеке-жеке тыңдап, бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді.


Шымкентте бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады

Шымкентте бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов көтерме базарларды аралау барысында мәлімдеді.

Қала басшсы алдымен «Жібек жолы» базарында болып, ондағы саудагерлермен жүздесті. Сатып алушылардан баға жөнінде сұрады. Көтерме сауда базарында соңғы күндері азық-түлік бағасының 30-40 теңгеге төмендегені байқалады. Оны сатушы мен сатып алушы да растап отыр.

Атап айтар болсақ, картоп 60 теңгеден бастап 130 теңгеге дейін саудалануда. Пияз 60- 90 теңге аралығында, сәбіз 40 -100 теңгеден сатылуда. Қырыққабаттың келісі 45-90 теңгеден, қызылша 70-100 теңгеден, тұрып 45-80 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, қала орталығындағы көтерме «Қазыбек» базарында біршама бағаның тұрақтанғаны байқалады. Бөлшек саудада аздаған артықшылықтар бар. Тиісінше биылғы өнімдердің бағасы арзандаған. Атап айтар болсақ, жергілікті қияр 350 теңгеден сатылуда.

Қала әкімі базарға келген әрбір тұрғынның шағымын жеке-жеке тыңдап, бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді. Ең бастысы билік базарды аралаған кезде бағаны арзандатып, одан кейін көтеріп жіберген орындардың жазаланатынын жеткізді.
Мұрат Әйтенов кәсіпкерлерді осындай қиын-қыстау кезінде пайда тауып қалуды ойламай елге мейлінше қолы үшын беруге шақырды.

Қала әкімі қос базарға төтеннен кіріп ішкі сауда орындарын аралады. Көпшілік тамақтанатын дәмхана жұмысын көрді. Ондағы кемшіліктерді тездетіп жоюға тапсырма берді. Олай етпегенде базар жабылатынын