Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы 15 қылмыс ашылды

0
2 753

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 930 жайт анықталды.


Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы 15 қылмыс ашылды

25-31 қаңтар күндері Шымкент қаласы Полиция департаментінің “102” арнасына әр түрлі сипаттағы 5216 қоңырау келіп түскен. Оның 2112-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ал бейнекамералары арқылы 15 қылмыс ашылды. Оның ішінде 8-і ұрлық, 2-і бұзақылық, 3-і автокөлікті заңсыз иемдену және т.б ұсақ қылмыстар.


Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 930 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.