Іс-шараға 300-ге жуық азамат, ерекше балалар мен олардың аналары қатысты.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында Мүгедектігі бар азаматтар күніне орай «Біз біргеміз – бәрін бірдей қолдаймыз» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шараға 300-ге жуық азамат, ерекше балалар мен олардың аналары қатысты. Кеш аясында «Тең мүмкіндік – шығармашылыққа жол» көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылардың өнері таныстырылды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұсынылып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік кешті Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы ұйымдастырды


