​Шымкентте бүгіннен бастап карантиндік шектеу шаралары ұзартылады

0
559

Карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады.


​Шымкентте бүгіннен бастап карантиндік шектеу шаралары ұзартылады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары мезгілсіз уақытқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.

«Шымкент қаласында карантин режимі мен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 17 тамызынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - деп бекітілген құжатта.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік емес дүкендер Ashyq жобасына қатыспаған жағдайда, олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Тек жеткізу қызметі қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Ashyq жобасына қатысушылар 07:00-ден 22:00-ге дейін, ал "Лидер" статусы бар қатысушылар 00:00-ге дейін жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері жабық болуы тиіс.

Сонымен қоса, зоосаябақтар Ashyq жобасына қатыспаған жағдайда, олардың қызметіне шектеу қойылады.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.