Шымкентте бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды

0
529

Қазіргі таңда улану себептері анықталуда.


Шымкентте бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды

Шымкент қаласында бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 23 сәуір күні сағат 09:53-те Әл-Фараби ауданы, Жангельдина көшесі бойындағы пәтерлердің бірінде болған. Құтқару қызметіне үй иелерінің есікті ашпай жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына барған құтқару бөлімшесі есікті арнайы құралдармен ашқан.

"Пәтердің ішінен 1987 жылғы азаматша, 2005 және 2003 жылы туған қыздар, 2011, 2013, 2015 жылғы ер балалар қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Улану себептері анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.