Бірінші күні 12 субъект тексеріліп, нәтижесінде бір құқықбұзушылық анықталған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Осы жылдың 19-23 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қала аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Допинг" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шараға ішкі істер органдарының 1600 қызметкері, оның ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы құрылымның 14 қызметкер жұмылдырылған.
Бірінші күні есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын 12 субъект тексеріліп, нәтижесінде бір құқықбұзушылық анықталды.
Дереккөз: Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі