Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 21 жасқа толмаған адамға энергетикалық сусын сату ісі қаралды, деп жазады Zakon.kz.
Сот анықтағандай, оқиға 2026 жылғы 8 қыркүйекте Тассай тұрғын алабындағы азық-түлік дүкенінде болған.
Сатушының кінәсі өз кінәсін мойындауы, түсініктемесі және полиция қызметкерлері жасаған заттай дәлелдемелерді алу туралы актімен расталды.
Ер адам өкініш білдіріп, өзіне жеңілірек жаза тағайындауды сұрады.
"Сот істің мән-жайын ескере отырып, оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 423-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 216 250 теңге көлемінде айыппұл салды", – делінген хабарламада.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.


