Қайғылы оқиға 24 шілде күні кешкі сағат 19-30 шамасында болған.
Шымкент қаласында фонтанға шомылған 10 жастағы бала мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қайғылы оқиға 24 шілде күні кешкі сағат 19-30 шамасында болған.
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына хабарлама келіп түскен.
"Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы ер бала суға шомылып, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда Полиция департаментімен сот медициналық сараптамасы тағайындалды", делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламада.
Қала аумағында жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс жасауда. Қала аумағында орналасқан субұрқақтар Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының меншігінде.