Шымкентте инженерлік инфрақұрылымға цифрлық шешімдер енгізілуде

0
99

Солардың бірі – «Art Code» жүйесі.


Шымкентте инженерлік инфрақұрылымға цифрлық шешімдер енгізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Шымкент қаласында цифрлық технологиялар мен инновациялық жобаларды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Цифрландырудың негізгі басым бағыттарының бірі – қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, заманауи технологияларды коммуналдық салаға енгізу.

Бұл бағытта жылу және коммуналдық желілердің техникалық жағдайын бақылау мен ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдер қолданылуда.
Солардың бірі – «Art Code» жүйесі. Жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын бұл жүйе инженерлік желілердің жай-күйін құбырдың ішінен тексеруге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл инфрақұрылымның техникалық жағдайын неғұрлым нақты бағалап, ықтимал ақауларды анықтауға және олардың алдын алуға жол ашады.
Цифрлық технологияларды инженерлік инфрақұрылымға енгізу коммуналдық желілердің сенімділігін арттырумен қатар, техникалық тексеру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, ақауларды жедел анықтауға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Осылайша, Шымкентте цифрландыру тек электрондық қызметтермен шектелмей, қаланың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында да кеңінен қолданылуда.
Бөлісу