Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейліктің денесі саябақ аумағынан табылды

0
615

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.


Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейліктің денесі саябақ аумағынан табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі дендропарк аумағында 31 мамырда із-түссіз жоғалып кеткен ресейлік азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінң баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 31 мамыр күні полицияның 102 арнасына қаладағы дендросаябақ аумағында белгісіз ер адамның асылып, қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіз тұлғаның қайтыс болу жайты полиция қызметкерлерімен Әл-Фараби АПБ-ның СДТТБТ-не тіркелді.

"Тергеу барысында қайтыс болғанның жеке басы анықталды. Ол Ресей азаматы болып шықты. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі тұншығу болғаны анықталды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.