Шымкентте кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдікті ұсталды

0
966

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қала прокуратурасының бақылауында.


Шымкентте кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдікті ұсталды

Шымкент қаласында кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 26 наурызында "Opel-Vektra" маркалы автокөлігінің иесі, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Нәтижесінде кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргінші қайтыс болды.

Учаскелік инспектор тез арада аталған автокөлікті іздестіруге кірісіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған ЖКО-на қатысы бар автокөлік пен оның жүргізушісін ізін суытпай анықтады.

Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы (Автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне алып келген) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қала прокуратурасының бақылауында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы жария етілмейді.