Шымкентте қар тазалауға 300-ге жуық техника жұмылдырылды

0
866

Қосымша 125 техника жұмылдырылды.


Шымкентте қар тазалауға 300-ге жуық техника жұмылдырылды

Шымкент қаласы аумағына қарасты 5 ауданда қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әкімдік мәліметінше, қаланы қардан тазалау жұмыстарына 162 техника жұмылдырылған.
"Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы - 39 техника, Тұран ауданы - 29 техника, Абай ауданы - 30 техника, Қаратау ауданы - 34 техника, Еңбекші ауданы - 30 техника жұмыс атқаруда", - делінген әкімдік ақпаратында.
"Сонымен қатар, қала аумағында жалпы саны 1140 қызметкер жұмыс жасап жатыр және қосымша 125 техника жұмылдырылды" деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.