Шымкентте карантин режимін сақтамаған тойхана мен той иесі жауапкершілікке тартылды

0
2 586

«Евразия» тойханасында той өтіп жатқаны анықталды.


Шымкентте карантин режимін сақтамаған тойхана мен той иесі жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіптік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында мобильді топ құрылып, тұрақты мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезекті рейдтік шаралар барысында Әл-Фараби ауданы Жастық көшесінде орналасқан «Евразия» тойханасында той-жиын болып жатқаны анықталды.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамаған азаматтарғақатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабымен шара көру үшін Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасынның қауіпсіздігін бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.