Шымкентте карантин режимін сақтамағандарға 36 млн теңге айыппұл салынды

0
454

Карантин режимін сақтау бойынша 3847 кәсіпкерлік нысанға аралау жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте карантин режимін сақтамағандарға 36 млн теңге айыппұл салынды

Шымкент қаласы Абай ауданында қала көркіне нұқсан келтірмеу, тәртіпті сақтау мақсатында кәсіпкерлік нысандарға рейдтік іс-шаралар тұрақты тұрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

9 ай көлемінде ретсіз сауда орындарына тексерістер жүргізіліп, 675 хаттама толтырылса, 298 мың теңге айыппұл салынды.

Сыртқы жарнама бойынша 233 мың теңге айыппұл салынды және заңсыз жарнамаларды аудандық кірістер басқармасына тіркеуге алдырып, салық түсімдері ай сайын 964 мың теңгеге ұлғайған.
Карантин режимін сақтау бойынша 3847 кәсіпкерлік нысанға аралау жұмыстары жүргізілді, 647 хаттама толтырылған. Одан 36 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген.