Шымкентте карантин талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

0
355

Карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ жұмыс атқаруда.


Шымкентте карантин талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейдтік іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы аумағында мобильдік топ тәртіп сақшыларымен бірге «Arman city», «Sunrise», «Гарант» сынды адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында киім-кешек сататын дүкендердің бірнеше қызметкерлері бетпердесіз жүргені анықталып, ескерту жасалды.
Бүгінде Әл-Фараби ауданында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ жұмыс атқаруда. Олар базар, ірі сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары мен тойханаларды күнделікті тексеруде.