«Әйел және бизнес» атты кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес-форум өткізілді.
иллюстрациялық фото: pandaland.kz
ERNUR.KZ. Шымкентте кәсіпкер әйелдерді қолдау шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, аудан әкімінің, Шымкент қаласының банк өкілдерінің, қалалық, Әл-Фараби аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымдарының, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Бизнес жол картасы – 2020», «Әйел және бизнес» атты кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес-форум өткізілді.
Аталған форум барысында «Бизнес жол картасы – 2020», «Әйел және бизнес» және екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы бағдарламалары бойынша баяндамалар оқылды.
Сондай-ақ, кәсіпкер әйел азаматтар тарапынан бағдарламалар бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымдары кәсіпкерлермен өз тәжірибелерімен бөлісті.