Шымкентте кәсіпкерге жарнама үшін негізсіз салық салынған

0
573

Жалған ақпараттың нәтижесінде кәсіпкерге жарнама үшін 800 мың теңгеге жуық салық есептеген.


Шымкентте кәсіпкерге жарнама үшін негізсіз салық салынған

Шымкенттік кәсіпкерге жарнама үшін негізсіз салық салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше, кәсіпкерден сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықты негізсіз есептеуге қатысты шағым түскен.

"Салық органына кәсіпкер туралы дұрыс емес мәліметтерді әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы бейінді басқармасы жолдаған. Жалған ақпараттың нәтижесінде кәсіпкерге жарнама үшін 800 мың теңгеге жуық салық есептеген. Департаменттің араласуымен аталған мәселе бойынша әкімдікке ұсыныс жолданып, 785 мың теңге көлеміндегі негізсіз салық сомасы жеке кәсіпкердің банктік шотына қайтарылды", - делінген жазбада.