Шымкентте кейбір мейрамханалар карантин шектеулерін елемей жұмыс істеуде

0
923

Кафеге келушілерге де хаттама толтырылды


Шымкентте кейбір мейрамханалар карантин шектеулерін елемей жұмыс істеуде
Шымкентте карантин шектеулерін елемеген екі мейрамхана анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Еңбекші және Әл-Фараби ауданы аумағында рейдтік іс-шара өткізілген.
Рейд барысына 19 шілде күні түнгі сағат 01:00 шамасында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.07.2020 жылғы №26 қаулысында көрсетілген талаптарды өрескел бұзған Еңбекші ауданы Тауке хан даңғылы №73 мекенжайында орналасқан «GQ» караоке-барының жұмыс жасап жатқанын анықталды.
Қаулы талаптарын бұзғаны үшін заңды шара қолдану мақсатында Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Адырбеков көшесі №39 үйде орналасқан «Мята» Lounge барының ішінде сағат 00:38 шамасында 7-8 адамның отырғанын анықталды.

Келуші азаматтардан түсініктемелері алынып, 2 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. «Мята» Lounge барының иесі мен келуші азаматтарға іс-құжаттар жинақталып Әл-Фараби ауданындық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына өз тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік шара қолдану үшін жолданды.