Шымкентте ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі өзгерді

0
605

Дүйсенбі-сенбі аралығында, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын болады.


Шымкентте ХҚКО-лардың жұмыс тәртібі өзгерді

Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 7 маусымнан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл шешім Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес қабылданған.
Енді ХҚКО азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚКО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.