Шымкентте көлікті заңсыз айдап әкеткен күдікті ұсталды

0
2 354

Қылмысты жасағаны үшін 600 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 2 жылға бас бостандығын айырылады.


Шымкентте көлікті заңсыз айдап әкеткен күдікті ұсталды

Шымкент қаласының полицейлері көлікті аңсыз айдап әкеткен күдікті азаматты құрықтады, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.


26 қаңтар күні сағат 13:51 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан автотұрақта тұрған “Ауди” маркалы автокөлігін заңсыз айдап әкеткеі туралы хабар түскен.

Арада 20 минут өткеннен кейін полиция қызметкерлері Ерлан Қалдаров, Аманғали Түйешиев және Айбек Қасымовтар Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында іздеудегі автокөлікті анықтады.


Ұстау барысында жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып, полицияға жеткізілді. Автокөлік алынды. ҚР ҚК-нің 200-бабында автокөлікті заңсыз айдап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмысты жасағаны үшін 600 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 2 жылға бас бостандығын айырылады.

Тергеу барысында 24 жастағы азаматтың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.