Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау басталды

0
1 024

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 15 мамырдан 15 маусымға дейін қабылданады.


Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау басталды

Шымкент қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Аталған конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі. Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2021 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:
АБАЙ АУДАНЫ әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №3. Байланыс: +7 (7252) 53-03-20;
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №49. Байланыс: +7 (7252) 54-04-92;
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, №49. Байланыс: +7 (7252) 53-27-42;
ҚАРАТАУ АУДАНЫ әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60. Байланыс: 8 (7252) 77-45-96.