Қайғылы жағдай 26 наурызда орын алған.
Шымкенттік өртсөндірушілер жанып жатқан көлік ішінен өртенген ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
26 наурызда Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы маңында, Әл-Фараби көшесінің бойында Toyota Camry 35 маркалы көлігі өртеніп кеткен.
Өртенген көліктің ішінен 1985 жылы туған ер адамның денесі табылған.
Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Өрт шыққан жерге ТЖД-нің тоғыз қызметкері мен екі техникасы, екі өртсөндіру қызметкері жұмылдырылды", - деп хабарлайды Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі өкілдері.