​Шымкентте полициядан қашпақ болған 17 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

0
203

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.


​Шымкентте полициядан қашпақ болған 17 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент қаласында полициядан қашпақ болған 17 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды.

Қала көшелерін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған Lada Priora автокөлігін байқаған.

Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған жүргізуші қашып кетуге әрекеттенген, алайда полиция қызметкерлерімен ұсталды.
Көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ 17 жастағы қала тұрғыны болғаны анықталды. Көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, полиция қызметкерінің автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полиция ескертеді: кез келген құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Бөлісу