Жеңімпаздар қомақты жүлделермен марапатталмақ.
Шымкент қаласы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде "Терме - өсиет бұлағы" атты республикалық жаңа термелер байқауы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған байқаудың мақсаты— жыр-термені жас ұрпақтың санасында жаңғырту, жас ақын-жыршылардың шығармашылығына қолдау көрсету және төл өнердің жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.
“Терме сайысында сөз мағынасына және жаңа мақамға көңіл бөлінеді. Республика бойынша келіп түскен 32 терменің ішінен 10-ы іріктелініп, осы байқауда жеңімпаздар анықталады. Бұл байқау өміршеңдігін жоғалтпайтын жоба болады деп сенемін”,- деді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған термешілер сайысының жеңімпаздары қомақты жүлделермен марапатталмақ.