Шымкентте салынып жатқан жолайрық көлік қарқындылығын 45 мыңға ұлғайтады

0
1 484

Аталған жобалардың жалпы құны 28,7 млрд. теңгені құрайды.


Шымкентте салынып жатқан жолайрық көлік қарқындылығын 45 мыңға ұлғайтады

Шымкент жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда, екі жолайрықтың яғни, Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық пен Бәйдібек би-Арғынбеков-Назарбеков-Н.Назарбаев даңғылдарының қиылысында жолайрық құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 28,7 млрд. теңгені құрайды.

Осы жылы Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталған кезде көлік қарқындығы 15000 көлік/тәулігінен 45000 көлік/тәулігіне ұлғайады.
Ал, Бәйдібек би-Төлеметов даңғылдарының қиылысында жолайрық және Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы екі жолайрықтың бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.