Қалада қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды.
Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Жаңа қаулыға сәйкес:
- Адам көп шоғырланатын шаралар өткізуге тыйым салу, жасы 65-тен асқан адамдардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруын шектеу шаралары жалғасатын болады.
- Ұлттық құрама мен клубтық командалардың (30 адамнан аспайтын) жаттығуына рұқсат берілді. Сквер, саябақ пен жағалаулар бұрыңғы режимде жұмыс істей береді.
- Қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды.
Аталған қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.