Медицина мамандары дертті ерте бастан анықтау – тиімді емнің басты кепілі екенін еске салады.
Шымкент қаласында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау айлығы аясында әйелдерге арналған Ашық есік күні ұйымдастырылады. Тұрғындарды медициналық тексеруден өткізу акциясы 31 қазан күні өтеді.
Шара барысында қала тұрғындары білікті онколог-маммолог мамандардың кеңесін ала алады. Сонымен қатар, келушілерге сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) мен маммографиядан өту мүмкіндігі жасалады. Қажет болған жағдайда дәрігерлер биопсия алып, қосымша зертханалық тексерулер жүргізеді.
Медицина мамандары дертті ерте бастан анықтау – тиімді емнің басты кепілі екенін еске салады. Сондықтан дәрігерлер қала тұрғындарын денсаулығын кейінге қалдырмай, профилактикалық тексеруден өтуге шақырады.
Шара туралы толық ақпарат:
- Өтетін күні мен уақыты: 31 қазан | сағат 09:00–13:00
- Өтетін орны: Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
- Мекенжайы: Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 85А
- Байланыс телефоны: 8 (7252) 922-111
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Ашық есік күніне қатысып, уақытылы тексеруден өтіңіз.


