Қойма ішінде шаруашылық тауарлар (дәретхана қағазы, сіріңке, тәттілер және пістелер) болған.
Шымкент қаласында қойма үй-жайындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жалпы ауданы 1440 шаршы метр құрайтын бір қабатты қойма үй-жайында 700 шаршы метр алаңда шатырдың жануы орын алғанын анықтады. Ғимарат «Доматов Абдулла» ЖК қарасты. Қойма ішінде шаруашылық тауарлар (дәретхана қағазы, сіріңке, тәттілер және пістелер) болған.
Өрт 14:17 сағатта оқшауланып, 15:35 сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің себептері мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 68 адам және 17 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, сондай-ақ "ЛТД Тұрмыс"коммуналдық қызметінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.