​Шымкентте темір контейнерден жасалған асхана толығымен жанып кетті

0
730

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.


​Шымкентте темір контейнерден жасалған асхана толығымен жанып кетті

Шымкент қаласында темір контейнерден жасалған асхана толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінң баспасөз қызметі мәлімдеді.

"18 маусым сағат 16:59-да Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Тассай» индустриялық аймақтың аумағында «Экофарм» ЖШС-на қарасты жалпы көлемі 200 шаршы метр темір контейнерлерден жасалған уақытша асхана толығымен жанды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 4 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 21 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.