Шымкентте тойхана мен мейрамханаларға рейд ұйымдастырылды

0
1 033

14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды.


Шымкентте тойхана мен мейрамханаларға рейд ұйымдастырылды

Шымкент қаласының Абай ауданы Қызылжар шағынауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Б.Парманов іс-шара барысында "Нұр-777", "Кездесу", "Дидар", "Сұлтан ата" Bomond”, "Ынтымақ", "Аль-акрам" және т.б, тойханаларға той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды.
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында мобильдік топтардың жұмысы қарқынды жүргізілуде.