Өмірге келген шақалақтың салмағы екі келіден жоғары.
Шымкентте ерекше тағдырлы әйел ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Зарета Курмангужинова көптен бері бала сүюді армандап жүрген. Келіншектің көптен бергі арманы орындалып, 29 жасында ұлды болды.
Заретаны дәрігерлер ағымдағы жылдың 23-қараша күні кесір тілігін жасап, босандырып алған. Дүниеге келген ұл баланы дәрігерлер қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырып, медициналық көмек көрсеткен. Өмірге келген шақалақтың салмағы екі келіден жоғары. Мамандардың сөзінше, операциядан кейін пациентте асқынулар болмаған.
«Енді балама жақсы тәрбие беру үшін барымды саламын. Алда жоспарым көп. Бұйыртса тек жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын. Ұлымның есімін мұсылманша Даниал деп қойдым. Дәрігерлерге рахмет. Барлығы менің көңіліме қарап, қамқорлық танытты», - дейді Зарета Курмангужинова.
Денсаулығы жақсарған ана мен баласын дәрігерлер бүгін перзентханадан шығарып салды.