Шымкентте үй тонағандарға сот үкімі шықты

0
988

Қылмыскерлер жүйелі түрде бір əдіспен ұрлық жасап келген. Жұмыс күндері, күндіз, үй ішінде қожайындарының жоқ екендігіне көз жеткізіп алып барып, үйге түсіп, бағалы заттар мен ақшаны жымқырып келген.


Шымкентте үй тонағандарға сот үкімі шықты

Шымкентте үй тонаумен айналысып келген екі жігітке қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қылмыскерлер жүйелі түрде бір əдіспен ұрлық жасап келген. Жұмыс күндері, күндіз, үй ішінде қожайындарының жоқ екендігіне көз жеткізіп алып барып, үйге түсіп, бағалы заттар мен ақшаны жымқырып келген. Əбден дəнігіп алған əккі ұрылардың бірі Валерий кезекті ұрлық жасап жатып үй ішінен қару сақталған сейфті ашып, аңшылық қаруды үптеп кеткен.
Сотқа дейінгі тергеп тексреу барысында шымкенттік 24 жастағы екі ұрының төрт үй ұрлығына қатысы бар екендігі дəледенген. Сөтйіп, бөтеннің баспанасына именбей кіріп, бар жақсысын жымқырып, жеңіл ақша тауып, оңай байығысы келгендерге ҚР ҚК нің 188 бабы бойынша айып тағылды. Сондай ақ қару ұрлап кеткен Валерийге ҚР ҚК нің 291 бабы бойынша тағылған айып өз дəлелін тапқан. Тараптардың өзара татуласып, бітімгерлікке келіп, сонымен қатар ұрылардың жəбірленушілерге шығынды толық өтеп бергені ескеріліп, сотталушы екеуі де ұрлық қылмысы бойынша жазадан босатылды.
Бірақ аңшылық қаруды үптеп кеткен Валерий сот залынан шығарылған жоқ. Сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.