«Е-архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау, «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау және басқа да өзкті мәселелер талқыланды.
ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілдері Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Салтанат Тащанова және Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Хорлан Дәулетбаева Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Ақпараттық-коммуникациялық орталығының медиа алаңында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәжілісін өткізді.
Конференция барысында спикерлер мемлекеттік архивтерінің қызметі, мекемелер мен ұйымдарда іс жүргізу, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету бағытында, ведомстволық архивтердің қызметін жайлы айтты.
«2023 жылдың 26 желтоқсанында Шымкент қаласының мемелекеттік архивінде аталған ұйымның және Түркістан облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен кездесу өткіздік. Кездесу барысында архив ісі және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жөнінде, сондай-ақ «Е-архив» ақпараттық жүйесін енгізуге байланысты әдістемелік көмек көрсетіп, архив қызметкерлерінің күнделікті тәжірибедегі көкейкесті сұрақтарына жауап бердік» -, деді Салтанат Тащанова.
«2023 жылдың 27 желтоқсанында А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ғимаратында «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Семинарға барлығы 90 адам қатысты. Семинар барысында пленарлық бөлігінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы, мекемелердегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, архивтердің толықтырушы көздерінің ведомостволық архивтерінің жұмысы, мемлекеттік архивтің толықтырушы көздеріндегі «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің жұмыс жасауы және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылды», - деді Хорлан Дәулетбаева.
Баспасөз конференциясында архивтерді толықтыру көздерінің тізіміне қосу критерийлері, архив қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мекемелерге ведомстволық архивтердің жұмысын жүргізуге жауапты мамандардың штаттық бірлігін беру, «Е-архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау, «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс жасау және басқа да өзкті мәселелер талқыланып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.