​Шымкентте заңсыз ойын терминалдарын орнату фактісі анықталды

0
652

Сот үкімімен ол 1 жылға бас бостандығы шектеліп сотталды.


​Шымкентте заңсыз ойын терминалдарын орнату фактісі анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында заңсыз ойын терминалдарын орнату фактісі анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақпараттық технологияларды дамыған дәуірінде казино, букмекерлік кеңселер, лоторея мен тотализаторға деген қызығушылық патологиялық тәуелділікке - лудоманияға ұшыратады.
Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде заңсыз ойын жерлерін және құмар ойындарының заңсыз сайттарын анықтап, бұғаттайды.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала тұрғынының сары-жасыл түсті терминалдарды заңсыз орнату фактісінің жолын кесті.
Е.Темірбайұлы, терминалдарды bm.inbet.cc сайтына қосып «Кено», «Х Кено», «Бинго», «Фортуна», «Маймыл», «Шарик» және т.б. құмар ойындарын заңсыз ұйымдастырған.
Сот үкімімен ол 1 жылға бас бостандығы шектеліп сотталды.