Шымкентте заңсыз тұрғын үй беруін талап етіп тағы да 12 азаматша жиналды

0
520

Жиналған тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте заңсыз тұрғын үй беруін талап етіп тағы да 12 азаматша жиналды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігіне кезектен тыс, тұрғын үй беруін талап етіп 12 азаматша жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оларға Қаратау ауданы әкімінің орынбасары М.Тәжібаев, ішкі саясат және жастар ісі бөлімінің басшысы Б.Әділханов түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әрбірінің кезек саны анықталып, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіппен және кезек ретімен ғана берілетіні түсіндірілді.
Кезекке тұру үшін заңда көрсетілген санаттардың біріне енуі (ҰОС ардагері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобындағы азаматтар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар), мекенжайы соңғы 3 жылда Шымкент қаласында болуы және соңғы бес жылда тұрғын үй тіркелмеуі керек.
Айта кету керек, соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы жұмыстары қарқын алып, кезекте тұрған азаматтарға қолданысқа беріліп жатқан пәтерлердің саны артып келеді. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кезегінің едәуір жылдам жылжуына оң әсерін беруде. Алдағы уақытта мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.

Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын да 30-ға тарта азаматша заңсыз тұрғын үй беруін талап етіп Шымкент қаласының әкімдігіне келген еді.