Қазіргі таңда жер теліміне мемлекеттік акт алу үшін сәйкестендіру құжаттары рәсімделуде.
Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағындауданы, Жаңабазар көшесіндегі № 129 мектептін жанында бос жатқан 2,6 га жер теліміне сквер салу бойынша жерге орналастыру жобасы жер комиссиясына ұсынылып, оң қорытындысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда жер теліміне мемлекеттік акт алу үшін сәйкестендіру құжаттары рәсімделуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін эскиздік жоба әзірленген. Алдағы уақытта сметалық құжаттама дайындалып, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары атқарылады.