​Шымкентте жас қызметкерлер департамент музейінде тарихи мұрамен танысты

0
134

Іс-шара жас буынның бойында патриоттық сезімді нығайтуға, тарихи мұраға құрметті арттыруға және аға буынның өнегелі жолын үлгі етуге бағытталды.


​Шымкентте жас қызметкерлер департамент музейінде тарихи мұрамен танысты

Республика күніне орай шымкенттік жас қызметкерлер арасында Қазақстан тарихын зерделеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Отанға адал қызмет ету дәстүрлерін қалыптастыру мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Генерал Халменовтың 100 жылдық мерейтойына орай департамент музейінде өткен экскурсия барысында жас қызметкерлер ел тарихымен, құнды жәдігерлермен және қызметтік дәстүрлермен танысты.
Іс-шара жас буынның бойында патриоттық сезімді нығайтуға, тарихи мұраға құрметті арттыруға және аға буынның өнегелі жолын үлгі етуге бағытталды.
Бөлісу