Шымкентте жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтт​І

0
518

Іс-шара нәтижесінде 7 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 11 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтт​І

Шымкент қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы Әл- Фараби аудандық ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 7 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 11 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.